Қазақстанда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді
Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі елдің лаңкестікке қарсы орталығының бақылауымен 2 күндік оқу-жаттығу өтетінін хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл оқу-жаттығуды өткізудегі мақсат – әскери, құқық қорғау және арнайы мекемелердің кез келген лаңкестік әрекетке қарсы шұғыл әрекет ету тапсырмаларын орындауға дайындығын тексеру. Сәйкесінше, Қазақстан астанасында жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі. Бұл жаттығу лаңкестік элементтермен және топтармен қақтығыстың нақты шарттарына барынша жақын. Сондай-ақ Қазақстанның Полиция департаменті осы елдің азаматтарынан өтіп жатқан танымдық іс-шараларға түсіністікпен қарауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды, сондай-ақ осы саладағы жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен алып, осы сайттарға сенуді сұрады.