Қазақстан Ресейге әскери құрал-жабдықтар жібергенін теріске шығарды
Қазақстан Қорғаныс министрлігі: "Қазақстанның Ресейге әскери құрал-жабдықтар жібергені туралы ақпараттар жалған. Бұл әскери құрал-жабдықтардың Астанаға еш қатысы жоқ. Олар үшінші елге тиесілі және халықаралық келісімдер аясында тасымалданды",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Қорғаныс министрлігі: "Былтыр 27 тамыздан бастап Қазақстанда қару-жарақтар мен әскери құрал-жабдықтар экспорттауға тыйым салынды. Ол әлі күнге дейін заңды күшіне ие",-деді.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі: "Осыған орай ел азаматтарынан расталмаған мәліметтерге жауап бермей, тек ресми дереккөздеріне сенуді сұраймыз",-деді.
Айта кету керек, 2023 жылы 6 сәуірде Қарағанды облысында әскери құрал-жабдықтардың Ресей жеріне тасымалданып жатқаны туралы видео әлеуметтік желілерде тараған болатын.
Кеше әлеуметтік белсенді Лұқпан Ахмедьяров Facebook-тегі жеке парақшасында Орал-Атырау күре жолында әскери құрал-жабдықтар тиеген жүк көліктерінің суретін жариялады.