Ресей көршілес елдерден соғысқа адам тартуға күш салып жатыр
(last modified Sat, 05 Aug 2023 07:48:54 GMT )
Там 05, 2023 13:48 Asia/Almaty
  • Ресей көршілес елдерден соғысқа адам тартуға күш салып жатыр

Қазақстанның әлеуметтік желілерінде 5 мың долларға Ресей армиясына қосылуға шақыратын жарнамалар таралып жатыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Кеңес одағының құрамында болған Қазақстанда 3 млн-нан аса орыс тұрады.Қазіргі таңда Астана Мәскеудің ең жақын одақтастарының бірі саналады. Алайда Қазақстан үкіметі әлі күнге дейін Ресейдің Украинадағы соғысына ресми қолдау білдерген жоқ және әрдайым қос тарапты бейбіт бітімге шақырып келеді.

Қазақстанда таралып жатқан жарнамада Ресей армиясына қосылу үшін келісімшартқа қол қойған кезде аванс ретінде 459 мың рубль (5300 доллар), айына 190 мың рубль (2000 доллар) алып, басқа артықшылықтарға ие болыңыздар деп жазылған.