Қазақстан мен Ауғанстанның арасында сауда айналымын 3 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр
(last modified Tue, 08 Aug 2023 03:38:22 GMT )
Там 08, 2023 09:38 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ауғанстанның арасында сауда айналымын 3 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанның Сауда және өнеркәсіп министрлігі мен Талибан үкіметі Астанада өткен бизнес форум аясында қос тараптың өзара сауда айналымын 3 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Астанада өткен бизнес форум аясында Талибан делегациясы B2B мен B2G форматында Қазақстанның мемлекеттік ұйымдары және кәсіпкерлерімен кездесті.Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары әрі Сауда министрі Серік Жұманғарин мен Талибан үкіметінің Сауда және өнеркәсіп министрі Нуреддин Азизи протоколға қол қойды.

Тараптар өзара саудаға жағдай жасауға бар күшін салуға келісті. Сондай-ақ Қазақстанның мұнайдан тыс өнімдерін, атап айтқанда ұн, бидай, күнбағыс майын өзара тиімді шарттармен Ауғанстанға экспорттау көлемін арттыруға келісті.Тараптар Ауғанстан мен Қазақстанға тауар тасымалдау үшін тиімді бағыттар мен баламалы жолдар салуға және "Батыс-Батыс" қалыбында әріптесуге келісті.