Там 09, 2023 18:33 Asia/Almaty
  • Қазақстан өз тауарын экспорттау үшін Иран мен Парсы шығанағы бағытын пайдалануды көздеп отыр

Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін Иран арқылы халықаралық суларға тікелей жол ашуды көздеп отыр.

Fars ақпарат агенттігінің Астанадан хабарлауынша, Каспий теңізіндегі Қазақстанның Құрық айлағы мен Иранның Амирабад айлағы және Парсы шығанағындағы Бандар-Аббас айлағы арқылы жаңа бағыт ашылады. Бұл бағыт БАӘ, Үндістан, Пәкістан, Қиыр Шығыс, Африканың шығыс жағалауларына жүк жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартады.

Сондай-ақ Қазақстан үшін осы жол арқылы Еуроодаққа тауар экспорттау мүмкіндігі пайда болады.  

 

Тегтер