Қазақстан "Каспий" суын тұщыту жобасын аяқтауға арнайы қаражат бөлді
(last modified Wed, 09 Aug 2023 12:58:33 GMT )
Там 09, 2023 18:58 Asia/Almaty
  • Қазақстан

Қазақстан "Каспий" су тұщыту зауытын кеңейту жобасын аяқтауға арнайы қаражат бөлді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі Ақтау қаласындағы "Каспий" су тұщыту зауытын кеңейту жобасын аяқтауға 5,08 млрд теңге қаражат бөлді.

Мәлімет бойынша, бұл жоба Қазақстан Президентінің тікелей бақылауына алынған.  

Есептеулер бойынша, жоба аяқталғаннан кейін зауытта тұщы су өндіру көлемі 40 мың текше метрге артып, бұрынғыдан екі есе ұлғаяды.