Түркия Қазақстанда кеме зауытын салуға атсалысады
Там 17, 2023 01:05 Asia/Almaty
Түркия Қазақстанда кеме зауытын салуға инвестиция құяды. Бұл зауыт болашақта бір айлақ ретінде дамуы мүмкін.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркияның екі компаниясы Қазақстанның "Каспий" жобасын орындауды өз мойындарына алып, кеме жасау зауытын сала бастады. Кейін ол бір айлаққа айналады.
Айта кету керек, бұл зауытта Қазақстанның экономикасы мен теңіз күштеріне қажетті түрлі әскери және коммерциялық кемелер жобаланып жасалатын болады.
Бұл жоба биылғы жылдың соңында немесе 2024 жылдың басында аяқталуы тиіс.
Оралдағы Зенит зауыты – Қазақстанда кеме жасайтын басты компания. Ол патрульдік және зымырандық моторлы қайықтар шығарады.
Тегтер