Қазақстан Каспий теңізінде қолдану үшін екі танкер сатып алды
(last modified Mon, 04 Sep 2023 13:33:00 GMT )
Қыр 04, 2023 19:33 Asia/Almaty
  • Қазақстан Каспий теңізінде қолдану үшін екі танкер сатып алды

Қазақстан Энергетика министрінің орынбасары Ерлан Ақынжанов жексенбі күні: "Астана үкіметі Каспий теңізінде қолдану үшін екі танкер сатып алды",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ерлан Ақынжанов: "Қазақстан мұнай экспортауға балама жолдар қарастырып жатыр. Бірақ осы күнге дейін ең табысты бағыт Каспий құбыр желісі консорциумы(СРС)  болды. Ол Қазақстан мұнайын Атырау облысынан Новороссийск айлағына тасымалдайды",-деді.

Каспий консорциумының құбыр желісі Қазақстанның Теңіз кенішінен Қара теңіздегі Ресейдің Новороссийск айлағына жақын маңдағы мұнай терминалына дейін тартылған. Құбыр желісінің ұзындығы – 1580 км. Ресейдің үлесі – 31 пайыз, Қазақстанның үлесі – 19 пайыз.