Қазақстан Каспий теңізінде қолдану үшін екі танкер сатып алды
Қыр 04, 2023 19:33 Asia/Almaty
Қазақстан Энергетика министрінің орынбасары Ерлан Ақынжанов жексенбі күні: "Астана үкіметі Каспий теңізінде қолдану үшін екі танкер сатып алды",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ерлан Ақынжанов: "Қазақстан мұнай экспортауға балама жолдар қарастырып жатыр. Бірақ осы күнге дейін ең табысты бағыт Каспий құбыр желісі консорциумы(СРС) болды. Ол Қазақстан мұнайын Атырау облысынан Новороссийск айлағына тасымалдайды",-деді.
Каспий консорциумының құбыр желісі Қазақстанның Теңіз кенішінен Қара теңіздегі Ресейдің Новороссийск айлағына жақын маңдағы мұнай терминалына дейін тартылған. Құбыр желісінің ұзындығы – 1580 км. Ресейдің үлесі – 31 пайыз, Қазақстанның үлесі – 19 пайыз.
Тегтер