Қазақстан 2024 жылы Anka ұшқышсыз ұшағын жасай бастайды
(last modified 2023-10-16T14:43:58+00:00 )
Қаз 16, 2023 20:43 Asia/Almaty
  • Қазақстан 2024 жылы Anka ұшқышсыз ұшағын жасай бастайды

Түркияның ұшқышсыз ұшақтар жасау бағдарламасын дамыту жөніндегі директоры Ерол Оғуз: "2024 жылы Қазақстанда Anka дронын жасау жоспарланған",-деді.

Ерол Оғуз: "Нақты уақытын жариялай алмаймыз. Өйткені тараптар дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Инвестиция көлемі есептелуде",-деді.

Ерол Оғуз: "Біздің мақсатымыз ұшқышсыз ұшақтың бұл түрін ғана жасау емес, тәжірибе мен технология алмасу болып табылады. Сонда болашақта Қазақстан тәуелсіз түрде ұшқышсыз ұшақ жасайтын болады",-деді.

Бұған дейін Қазақстан Қорғаныс министрлігі елдің оңтүстігінде бір ұшқышсыз ұшақтың сынақтан өткізілгенін хабарлады.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл дронды сынау 2024 жылдың наурыз айына дейін жалғасады.

2022 жылы мамыр айында Анкарада Қазақстан мен Түркия арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Осы құжат бойынша Қазақстанда Anka шабуылдаушы дронын монтаждау және сақтау желісі іске қосылады.

Қазақстан – Түркия дронының осы түрін жасауға бел байлаған алғашқы шетелдік мемлекет.  

Тегтер