Қазақстан Мұсылмандары Дін істері басқармасы Палестина халқының тарихи құқығын қолдады
(last modified Sun, 22 Oct 2023 14:26:25 GMT )
Қаз 22, 2023 20:26 Asia/Almaty
  • Қазақстан Мұсылмандары Дін істері басқармасы Палестина  халқының тарихи құқығын қолдады

Қазақстан мұсылмандары Дін істері басқармасы Палестина халқының тарихи құқығын қолдады.

 

Fars news ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан мұсылмандарының дін істері басқармасы кеше мәлімдеме жасап, сионистік армияның Палестина аймақтарына, соның ішінде Газа секторына жасаған шабуылдарына алаңдаушылық білдіріп: "Біз Палестина халқының халықаралық келісімдер мен қарарларда көрсетілген тарихи құқықтарын қолдаймыз",- деп баса айтты. Қазақстан Мұсылмандары Дін істері басқармасының мәлімдемесінде: "Илаһи пайғамбарлардың ізі қалған, адамзатты бірлік пен ізгілікке шақыратын қасиетті мекен Палестина бүгінде соғыс алаңына айналып, мыңдаған жазықсыз адамдар, әсіресе балалар мен бейбіт тұрғындар сионистер тарапынан қырғынға ұшырады",- деп айтылды.

Қазақстан Мұсылмандары Дін істері басқармасы Израиль режимі армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарын тезірек тоқтату қажеттігін қуаттады.