Қар 12, 2023 21:39 Asia/Almaty
  • Менің атажұртым – Қазақстан

Отан – әр адам шыр етіп дүниеге келгенде ауасымен тыныстайтын, желі маңдайынан есетін, ең алғаш жүрекке жылулық орнататын құтты мекен, ыстық ұя. Сондықтан да Отан қасиетті, Отан киелі.

Отан дегеніміз біз туып өспесек те, ата-бабаларымыз өмір сүрген жер. 

Отан, Атамекен!

Менің ата-бабамның асылы, ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы, енді менің болашаққа тапсырар аманатым, баға жетпес байлығым. Егемендігім мен елдігімнің тұғыры. Әке-шешем бесікте жатқан кезден-ақ маған туған халқымның тілін таныстырып, құлақ құрышын қандыратын ән-күймен сусындатты. Сонау алыста менің де атамекенім барын, ақпейіл де адал, дархан қазақ деген халқым барын санама сіңірді. 

Қазақстан – көп этносты мемлекет. Түрлі этнос өкілдері бірге тату-тәтті өмір сүріп, еңбектеніп жатыр.  

Ауылдағы үлкен аталарымнан Қазақ елінің тарихы жайлы тыңдағанда одан сайын қызыға түсіп, оны жақыннан жақсырақ танығым келеді.  

Бала күннен ата-анам арқылы берілген тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ата жұртқа деген сүйіспеншілік жүрек түкпіріне ұялап, қиялыма қанат бітірді. Оң-солымды таныған сайын Қазақ еліне деген махаббатым еселене түсуде. Өмірдің бар мән-мағынасын, нәрі мен мазмұнын «Қазақ елі» деген сөзбен байланыстырамын. Мен қазақ деген халықтың перзентімін, сондықтан өз жұртыма қосылуым керек деп шештім. Сол себепті Қазақстанға келіп, Алматыдағы білім мен ғылымның киелі шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  https://farabi.university/ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне оқуға түстім. Болашақта қазақ елінің намысын жаһандық түрлі дүбірлі спорт додаларында қорғап, ел мерейін тасытатын спортшы болғым келеді. Моңғолияда бокстан спорт шебері атандым, жетістіктерім мен  жүлделерім көп. Менің арманым – абсолютті, жеңілмеген әлем чемпионы болу. Ендігі жеңістерімді  атамекенім – Қазақстанға арнағым келеді.

Қазағым бай, әрі шекарасы тыныш болса деп тілеймін.

Әзімбай Зейнеп

15-топ тыңдаушысы

Моңғолия Республикасы