Қар 27, 2023 21:47 Asia/Almaty
  • Астанада атом өнеркәсібі саласындағы әйелдердің форумы өтті

27 қараша Астанада "Қазақстан мен Ресей әйелдері: жоғары технологиялық салаларды тұрақты дамыту үшін ынтымақтастық энергиясы" атты халықаралық форум өтті.

Fars ақпарат агенттігінің Астанадан хабарлауынша, бұл форум Қазақстанның ядролық қоғамы, Әйелдердің бастамаларын қолдау және дамыту қоры және Атом саласындағы әйелдер бірлестігінің ұйымдастыруымен және Росатом компаниясының қолдауымен өтті.

Бұл форум Росатом, Гидропресс және Атомэнергопроект компанияларының мамандары және Ресейдің атом өнеркәсібіндегі басқа ұйымдардың мамандарымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді.  

Сондай-ақ конференцияға Қазақстанның ұлттық ядролық орталығы, KAZENERGY компаниясы, Ұзатом агенттігі, WiN Global компаниясының Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстандағы бөлімшелері, Тунистің әл-Минар университетінің (Өнеркәсіп пен технологиядағы әйелдерді қолдау және дамытуға бағытталған халықаралық кеңес) өкілдері қатысты.  

Ресей мен Қазақстанда жұмыс істейтін кәсіпорындар мен технологиялық компаниялардың өкілдері, әйелдердің кәсіби ассоциациялары мен ғылыми институттардың қызметкерлері де осы конференцияға шақырылды.

Тегтер