Македонияда Ресей мен Қазақстан сыртқы істер министрлері   кездесті
(last modified 2023-12-01T16:06:52+00:00 )
Жел 01, 2023 22:06 Asia/Almaty
  • Македонияда Ресей мен Қазақстан сыртқы істер министрлері   кездесті

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы аясында қазақстандық әріптесі Мұрат Нұртілеумен кездесіп, әңгімелесті.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл кездесуде Ресей мен Қазақстанның Сыртқы істер министрлері аймақтағы соңғы жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықты арттыруға баса назар аударды. Кездесу басында Ресей Сыртқы істер министрі қазақстандық әріптесімен кездесуіне ризалығын білдіріп: «Біз жақын арада Мәскеуде «Каспий бестігінің» кездесуін асыға күтеміз», - деді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі де ресейлік әріптесінің ұсынысын құптап, елдің екіжақты ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті.

5 желтоқсанда Мәскеуде Каспий теңізіндегі «бестік» елдерінің (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан) Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді деп жоспарланған.

 

Тегтер