Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол желісінің құрылысының басталды
(last modified Sat, 02 Dec 2023 10:26:46 GMT )
Жел 02, 2023 16:26 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол желісінің құрылысының басталды

Түркістан облысының көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында ұзындығы 152 шақырымды құрайтын жаңа Қазақстан-Өзбекстан темір жолының құрылысы басталды.

 

 

Бұл ірі инфрақұрылымдық жоба Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылуда және көліктік-транзиттік әлеуетті одан әрі дамытуға бағытталған. Бұл жоба аясында Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасында жаңа өткізу пункті ашылады.

Жалпы, биылғы жылдың басынан бері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 25,8 млн тоннаны құрады. Негізгі жүк ағыны бүгінде қолайлы қуаттылықпен жұмыс істеп тұрған «Сарыагеш» мемлекетаралық стансасы арқылы өтеді.

Жаңа темір жол желісінің салынуы жүкті қолданыстағы «Сарыағаш-Ташкент» учаскесінен жаңа жолға бұруға, Сарыағаш станциясындағы кептелістерді жоюға және жалпы Өзбекстанға бағыт бойынша экспорттық тасымалдауды арттыруға мүмкіндік береді.