Жел 04, 2023 16:54 Asia/Almaty
  • Қазақстанда 3 гигаваттық Жел электр стансасы салынады

Қазақстан жалпы қуаты 3 гигаватты құрайтын Жел электр стансасын салу мақсатында Францияның Total Energies, БАӘ-нің Masdar және Сауд Арабиясының Aqua Power компанияларымен келісімшарт жасады.

Қазақстан үкіметі: "Жел электр стансасы Жамбыл, Жетісу, Қостанай немесе Ақмола облыстарында салынады",-деді.

Қазақстан үкіметі осы жобалардың егжей-тегжейін жарияламады. Бірақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір мәлімдемесінде: "БАӘ-ге сапары барысында Aqua  Power компаниясымен Жетісуда 1,8 млрд доллар тұратын 1 гигаваттық Жел электр стансасын салу жобасына қатысты келіссөз жүргізілді",-деді.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі сондай-ақ: "Қазмұнайгаз" компаниясы "Abu Dhabi Ports" тобымен бірлесіп кеме жасау компаниясын құруға келісті. "Қазатомөндіріс" компаниясы БАӘ-нің ядролық компаниясын уранмен қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойды",-деп хабарлады.   

Тегтер