Жел 06, 2023 18:16 Asia/Almaty
  •  Қазақстан Сыртқы істер министрі: Иран - Ислам әлемінің тірегінің бірі

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мәскеуде ирандық әріптесімен кездесуінде Иранды ислам әлемінің тіректерінің бірі деп атап, елінің Иран Ислам Республикасымен әртүрлі салалардағы қарым-қатынастарын кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.

 

Бұл кездесуде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ирандық әріптесімен кездесуіне ризалығын және Каспий теңізі бассейнінде көптеген ынтымақтастыққа қол жеткізгендеріне тоқталып, ИИР ислам әлемінің тіректерінің бірі деп атады. Ол Иран мен Қазақстанды тек Таяу Шығыс пен Парсы шығанағында ғана емес, сонымен қатар Каспий теңізіндегі өте маңызды серіктестер деп атап: «Біз Иранмен әртүрлі экономикалық, мәдени және тарихи салаларда және екі ел арасындағы терең байланыстарды ескере отырып, ынтымақтастығымызды кеңейтуге дайынбыз",- деді.

Хұсейн Амирабдуллахиан да осы кездесуге ризалығын білдірді және Қазақстанның аймақтық қақтығыстарды шешудегі рөлін, соның ішінде Сирияға қатысты Астана форматын жоғары бағалап: "Қуанышымызға орай, екі ел арасындағы саяси консультациялар мен жоғары деңгейдегі делегациялар алмасу жақсы жүріп жатыр",- деп айтты.

 

Тегтер