Жел 09, 2023 21:46 Asia/Almaty
  • Қазақстанға кең көлемді ресейлік инвестиция салынды

Соңғы 18 жылда Ресей Қазақстанға 20 миллиард доллардан астам инвестиция салған.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Экономика министрі Әлібек Қуантыров жұма күні Ресей президентінің көмекшісі Максим Орешкинмен кездесіп, сөйлесті. Соңғы 18 жылда Ресейдің Қазақстан экономикасына 20 миллиард доллар тікелей инвестиция салғанына тоқталған қазақстандық министр 2005 жылдан бері елінің Ресей экономикасына салған инвестиция көлемі 6 миллиард долларды құрағанын хабарлады.

Қуантыров: "Қазақстан мен Ресей президенттерінің жақында өткен кездесуінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңызды бағыттары белгіленіп, мемлекет басшылары энергетика, өнеркәсіп, машина жасау, көлік және басқа да салаларда жаңа стратегиялық бірлескен жобаларды әзірлеу туралы келісті. Екі елдің үкіметтері өзара сауда мен инвестицияны ұлғайту бойынша күш-жігерге жауапты.  Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қажетті жағдайлар жасалып, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде",- деді.

 

Тегтер