Қазақстанның мұнай саласының ереуілшілері аштық жариялады
(last modified Sun, 17 Dec 2023 16:19:37 GMT )
Жел 17, 2023 22:19 Asia/Almaty
  • Қазақстанның мұнай саласының ереуілшілері аштық жариялады

Наразылық білдірген мұнайшылар жалақыларының көтерілмейтініне наразылық ретінде бейсенбі, желтоқсанның 14-і күні ереуілге шығып, үкімет олардың талаптарын елемеген соң, сенбі күні де жұмыс орнында аштық акциясын бастады.

 
Жаңа жылдың басынан бері Қазақстанда 20%-дан астам кенеттен инфляциялық күйзеліс байқалса, қазір бұл көрсеткіш 12%-дан азайған. Бірақ Қазақстанның ірі мұнай өнеркәсібінің жұмысшылары үкімет пен қанаушы жұмыс берушілерден айлық жалақылардағы жоғары инфляцияның зардаптарын өтегенін қалайды. Әзірге бұл жұмысшылардың басшылармен жүргізген келіссөздері нақты жауап пен нәтиже бермей, Қазақстанның полициясы мен қауіпсіздік күштері де суық мезгілде жұмысшыларды ереуілдеген жерде қоршауға алды.

Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстанда жүздеген мұнай кәсіпшілігі жұмысшыларының аштық акциясы өткізіліп, бұл жаңалықтың ұлттық және халықаралық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына көбірек әсер етті.

Өткен аптада Қазақстан соты өткен жылы ереуілге шыққан жеті жұмысшыны жұмыстан шығарды. Бұл шешімжұмысшыларды ереуілге итермелеуге көбірек әсер етті. Жұмысшылар заңды және келісім-шарт талаптарымен қатар, жұмыстан шығарылған әріптестерінің жұмысқа оралуын қалайды.