Қазақстан ресейлік авиабазада әскери қызметшілер үшін киіз үй тікті
(last modified 2023-12-30T13:37:27+00:00 )
Жел 30, 2023 19:37 Asia/Almaty

Сириядағы ресейлік Хмеймим авиабазасында орналасқан киіз үйде ислам дінін ұстанатын әскери қызметшілер намаз оқи алады, деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі.

«Қазақстанның бұл ерекше де бағалы сыйы екі бауырлас ел арасындағы мызғымас достықтың символына айналды және ол Сирия аумағында лаңкестікке қарсы күресте жүрген ресейлік әскери қызметшілер арасындағы ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз», - деп атап өтті Ресей қорғаныс министрлігі.

Намазхана барлық қажетті атрибуттармен жабдықталған.

Тегтер