Қазақстанның Ақтау қаласындағы Иранның жаңа бас консулы Амир Абдуллахианмен кездесті
(last modified 2023-12-31T13:43:40+00:00 )
Жел 31, 2023 19:43 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Ақтау қаласындағы Иранның жаңа бас консулы Амир Абдуллахианмен кездесті

Қазақстанның Ақтау қаласындағы Иранның жаңа бас консулы Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен кездесіп, алдағы жоспарларын баяндады.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Ақтау қаласындағы Иранның жаңа бас консулы Ғұламреза Хашеми жаңа қызмет орнына аттанбас бұрын Амир Абдуллахианмен кездесіп, Иранның бас консулдығының алдағы жоспарларын баяндады.

Амир Абдуллахиан тату көршілестік саясат аясында Иран мен Қазақстан қарым-қатынасының маңыздылығына тоқталып, консулдық қызметтер саласында өзара әріптестікті одан ары нығайту керегін айтты.

Хашеми бұған дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласындағы ИИР елшісінің орынбасары әрі Каспий теңізі кеңесі хатшысының орынбасары қызметін атқарған. 

Тегтер