Ресей Қазақстанның «Балқаш» зымыранға қарсы базасынан шықты
(last modified Fri, 12 Jan 2024 16:20:45 GMT )
Қаң 12, 2024 22:20 Asia/Almaty
  • Ресей Қазақстанның «Балқаш» зымыранға қарсы базасынан шықты

Ресейдің Қазақстандағы «Балқаш» базасын жаудың зымырандық шабуылдарына қарсы тұру үшін пайдалануы туралы келісім-шарт ресейлік жоғары лауазымды тұлғалардың мақұлдауымен аяқталды.

 

 

«Fars News» агенттігінің Астанадағы тілшісінің хабарлауынша, Ресей мен Қазақстан арасындағы Қазақстанның Балқаш базасын Ресейдің зымырандық шабуылы туралы ескерту жүйесінде беру және одан әрі пайдалану шарттарына қатысты келісім-шарт ұзартылмады.  

Бұл база 1973 жылы пайдалануға берілген және оңтүстік әуе кеңістігінің стратегиялық әскери міндеттеріне жауап берді. 2014-2018 жылдар аралығында Ресей Қорғаныс министрлігі   «Армавир», «Орск», «Барнаул» және «Иркутск» қалаларында «Воронеж» типті төрт заманауи радиолокациялық станцияны орнатқан. Осыған байланысты Ресейдің базаны пайдалануын тоқтату туралы шешім қабылданды.

2020 жылдың тамызында Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу мен Астана арасындағы Балқаш базасын Ресейдің зымырандық шабуыл туралы ескерту жүйесіне беру туралы келісімді тоқтату туралы заңға қол қойды. Ресей тарапы келісім-шартты бұзу туралы шешімін жақында оның аумағында орналасқан 4 жаңа радиолокациялық станцияның пайдалануға берілгенімен түсіндірді. Радарлардың зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесі ретінде, сондай-ақ ғарыш кеңістігін бақылау үшін қолданылатыны атап өтілді.