Қаң 20, 2024 20:38 Asia/Almaty
  •  «Астана» процесі жалғасуда; 24-25 қаңтарда келіссөздердің жаңа раунды

Сирия бейбіт келіссөздері Астана процесі аясында кепілгер елдер өкілдерінің өтінішінен кейін 24-25 қаңтар аралығында Қазақстанның астанасында өтеді.

 

Өткен жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Астана келіссөздерінің 20-шы раундын соңғы кездесу ретінде жариялағанына қарамастан, бұл процесті жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі: "Кепілгер елдердің ұжымдық өтініші негізінде 2024 жылдың 24-25 қаңтарында «Астана процесі» аясында 21-ші Сирия халықаралық кездесуі өтеді".

  

 

Тегтер