Қаң 26, 2024 16:22 Asia/Almaty
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Иранның Мобадтар  ассоциациясының президенті Мехрабан Полади келді

24 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетіне Иранның Мобадтар ассоциациясының президенті Мехрабан Полади мырза келді.

Құрметті қонақ шығыстану факультетімен танысуға арнайы келіп, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы оқытушылармен кездесті. Кездесу  сұрақ-жауап түрінде өтті. М. Полади мырза оқытушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

М. Полади мырза

Жалпы, мәртебелі мейман Қазақстанға ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты  мен Тұран университеті бірігіп өткізетін «Еуразия континенті халықтарының эволюциясы контекстіндегі зороастризмнің мәдени-тарихи мұрасы»  тақырыбындағы конференцияға қатысу мақсатында келген болатын. Бұл конференция 25 қаңтарда Тұран университетінде өтті. Иран Ислам Республикасынан бұл конференцияға сондай-ақ доктор Ф. Шакиба  ханым да қатысып баяндама жасады. Конференция жұмысына Қазақстан, Иран, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Испания, АҚШ ғалымдары қатысты.

М. Полади мырза

Материалды әзірлеген: Айман Жұбатқанқызы Боранбаева

Тегтер