Ақп 05, 2024 20:11 Asia/Almaty
  • Қазақстан Катардың инвестиция салуын қолдайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катармен инвестиция салуды қолдау және ынталандыру туралы келісімге қол қойды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, келісімнің мақсаты инвестициялық жобаларды орындауға қолайлы жағдай жасау арқылы тараптар арасында экономикалық ынтымақтастықты арттыру болып отыр.

Бұл келісім экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары, БҰҰ-ның сауда және даму конференциясының принциптері және Дүниежүзілік банктің ұсыныстарына сәйкес дайындалды.

Мұнымен қоса, келісімнің белгілі бір шеңбері бар. Онда екі елдің территориясында инвестициялық жобаларды орындау кезінде инвесторлардың құқықтарын халықаралық деңгейде кепілдендіру қарастырылған.  

Бұл келісім өтемақы алу, халықаралық арбитражға қолжетімділік пен мемлекеттердің шетелдік инвесторлармен әділ қатынасын кепілдендіру арқылы мәжбүрлі экспроприациядан сақтайды.

Бұл келісімді бекіту инвестиция салуды жақсартып, екі елге де пайдалы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан ары дамытуға көмектеседі деп күтілуде.

Тегтер