Ақп 11, 2024 19:03 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті Раисиге құттықтау жолдады: Теһран біздің аймақтағы басты серіктесіміз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ИИР Президенті Ибрахим Раисиге жолдауында Ислам революциясының жеңісінің 45 жылдығымен құттықтау барысында: "Теһран Каспий аймағындағы негізгі серіктестеріміздің бірі болып табылады",- деді.


 

ИРНА-ның жексенбі күнгі хабары бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның сенімді саяси негіздері мен тұрақты экономикасы бар және әлемдік қоғамдастықтың сенімді мүшелерінің бірі болып саналатынын айтып: "Иранның ұлттық бірлік және күш-жігерімен ұлы мақсаттар мен міндеттерге жетуін тілеймін. Теһран біздің Каспий аймағындағы негізгі серіктестеріміздің бірі. Дәстүрлі достық және саяси диалог байланыстары алдағы уақытта да екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың берік іргетасы болып қала береді деп ойлаймын",- деп мәлімдеді.

Қазақстан Президенті жолдауының соңынды достас Иран үкіметі мен халқына табыс пен амандық тіледі.

 

Тегтер