Сәу 24, 2024 17:42 Asia/Almaty
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өткен шараға  қатысты

23 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әлемнің жүзден астам елінде миллиондаған адам атап өтетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КітапШоу-2024» кітап фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты – оқу белсенділігін арттыру, кітап оқуды қолдау, көркем әдебиетке деген қызығушылықты ояту, жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығын және оқу мәдениетін қалыптастыру.

Кітапхананың өнер залында Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы және Иран мәдени орталығымен бірлесіп өткізген «Қазақстан – Иран:  «Наурызнама – мәдениеттер үндестігі» атты әдеби-тақырыптық кеш өтті. Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы меңгерушісі Д.М. Көкеева және ирантану бөлімінің оқытушылары мен студенттері осы аталған шараға қатысты.

Иранның Бас консулдығы жанындағы Иран мәдени орталығының директоры Хосейн Ағазаде, Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы Мохсен Фағани мырза және М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары Т.Е.Қыдыр

Шара Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы Мохсен Фағани мырза құттықтау сөзімен ашылды. Шарада Алматыдағы Иранның Бас консулдығы жанындағы Иран мәдени орталығының директоры Хосейн Ағазаде, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары Т.Е.Қыдыр, ирантану бөлімінің меңгерушісі А.Ж. Боранбаева, ирантану бөлімінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ғ.Ә. Қамбарбекова сөз сөйледі.

Кеш жүргізушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы Әлқамбай Аяулым Қазақстандағы Наурыз мейрамын тойлату туралы айтып, «Наурыз» интеллектуалдық квест-викторинасын өткізді.

Шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан «Наурыз – бейбітшілік пен келісім мерекесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің ирантану бөлімінің меңгерушісі А.Ж. Боранбаева

Кеште  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің студенттері парсы тілінде өлеңдер оқыды және Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық орта мекеп-интернатының оқушылары өнер көрсетті. Бұл оқушыларға Иран мәдени орталығының директоры Хосейн Ағазаде арнайы сыйлықтар тапсырды. Сондай-ақ барлық сөз сөйлеген қонақтарға Ұлттық кітапхана тарапынан алғыс хат пен кітап сыйға тартылды.

 

Дайындаған:  Боранбаева Айман Жұбатқанқызы

Тегтер