Қазақстанда «Діндер терроризмге қарсы» атты халықаралық конференция өтті
Қазақстан республикасының Елбасы "Халықаралық қауымдастық әлі де лаңкестік түйткілі үшін шешім жолын тапқан жоқ" деді.
Нұрсұлтан Назарбаев «Діндер терроризмге қарсы» атты халықаралық конференцияда: "Лаңкестік әрекеттер негізінен біздің халықаралық қауіпсіздік туралы түсінігімізді өзгерткен. Терроризм шекара танымайды. Осы қоқан-лоққыға тосқауыл қою үшін біртұтас әрі ортақ шешім жолымыз жоқ" деді.
Ол осы әлемдік қоқан-лоққыға дұрыс тосқауыл қою үшін ортақ талпыныстарды ұлғайтудың маңыздылығына сілтеме жасап: "Саяси басшылар, рухани жетекшілер және ақпарат құралдарының жаппай ынтымақтастық жасауы арқылы терроризмнің идеологиялық негізін құрту үшін талпыныстарымызды шоғырландыруымыз зор маңызға ие" деп мәлімдеді.
Назарбаев сөзінде лаңкестік және әсірешілдікпен күресу үшін әлемдік арна құру жөнінде ұсыныс жасаған БҰҰ- ның отырысын тілге тиек етті.
Ол Астана конференциясының саяси және діни басшылар арасындағы сұхбаттасулардың белгілі түрінің басталу нүктесі болуына үміт білдіріп, бүгінгі отырыста діндердің терроризммен күрес үдерісіндегі рөлінің артуында әсерсіз болмайтын жаңа идеялардың талқыға салынатындығына сенетінін мәлімдеді.