Қазақстанда бірнеше жоғары деңгейлі қайраткер құрықталды
(last modified Mon, 06 Jun 2016 16:23:52 GMT )
Маусым 06, 2016 22:23 Asia/Almaty
  • Қазақстанда бірнеше жоғары деңгейлі қайраткер құрықталды

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпарат хатшысы бірнеше жоғары деңгейлі әскери қайраткердің билікке қарсы мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген айыппен құрықталғанын хабарлады.

ИРНА- ның хабарлауынша, Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпарат хатшысы Руслан Қарасаев дүйсенбі күні ол кісілерге текетірес тудыру және ұйымдасқан шеру өткізу арқылы елдің тыныштығын бұзуға талпыныс жасады деген айып тағылып отыр деді.

Осындай жағдайда Қазақстан ІІМ осы ел күштерінің Ақтөбедегі лаңкестікке қарсы қимылдарының жалғасында билікке қарсы бес қарулы адам өлтірілді деп мәлімдеді.

Қазақстан ІІМ Ақтөбе облысындағы іс- қимылдарда сондай-ақ екі бүлік шығарушының құрықталғанын хабарлады.

Осыдан бұрын кеше, жексенбі күні де Қазақстан ІІМ- нің ақпарат хатшысы Алмаз Садубаев полиция күштерінің Ақтөбе қаласындағы лаңкестікке қарсы амалдары барысында 4 шабуылшының көзі жойылды деп мәлімдеген болатын.

Бірнеше қарулы адам жексенбі күні екі қару сататын орталыққа, содан соң қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасады. Соның салдарынан кем дегенде үш әскери мен үш бейбіт азамат қаза болды.