Маусым 12, 2016 22:40 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы жуықтағы шабуылдарды ұйымдастырғандар құрықталды

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті осы елдегі жуықтағы шабуылдарды ұйымдастырғандардың құрықталғанын хабарлады.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті өз мәлімдемесінде осы елдегі таяудағы шабуылдарға қатысы болған кісілердің барлығының құрықталып, қаруларының тәркіленгенін мәлімдеді.

Бейтаныс қарулы кісілер 5-ші маусымда Ақтөбедегі қару сататын екі дүкен мен бір әскери базаға шабуыл жасады. Осы шабуылдар барысында кемінде 7 адам қаза болып, 38 кісі жараланды.

Тегтер