Шіл 24, 2016 15:18 Asia/Almaty
  • Түркия үкіметінің қарсыластарын қамауға алу әлі жалғасуда

Түркия Президенті осы елдің мемлекеттік органдарында 13000-нан астам қызметкердің қамауға алынғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні Түркияда сәтсіз төңкеріс болған кезден бастап төңкеріс пен Гюлен ағымына қатысы бар деген айыппен 13156 адамның қамауға алынғанын айтып: «Мемлекеттік органдарды Фетхуллах Гюленге қарасты элементтерден толық тазартқанға дейін қамаулар жалғаса беретін болады.

Төңкеріске қатысқаны үшін қамауға алынған армия  генералдарының саны 126 адамға жетті. Ал Түркия армиясында жалпы алғанда 300-ге  жуық генерал бар. Бұл іс армия басшыларының төңкерісті күшті қолдағанын көрсетеді»,-деді.

Түркияның Премьер-министрі президенттік гвардияның жақын арада таратылатынын хабарлады. Түркияның Премьер-министрі Бен Әли Йылдырым сенбі күні: «Елдің қайраткерлері өткен аптадағы сәтсіз төңкерістен кейін президенттік гвардияны оның 300-ден астам мүшесі құрықталған соң таратады. Президенттік гвардия осыдан былай жұмыс істемейтін болады. Оған ешқандай қажеттілік жоқ»,-деді.

Тегтер