Ақп 09, 2017 17:04 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Газа секторына әуеден шабуыл жасады

Сионистік режимнің Газа секторына әуеден жасаған шабуылында 8 палестиналық шәһид болып, жараланды.

Press TV телеарнасының хабарлауынша, бейсенбі күні таңертең сионистік режимнің ұшқышсыз ұшағы Палестина мен Мысырдың арасындағы шекаралық туннельге шабуыл жасап, соның салдарынан 2 палестиналық шәһид болып, 6 адам жараланған. Бомбаланған туннель әскери емес тауар тасымалдау үшін қолданылған. Өткен дүйсенбі күні де сионистік режимнің Газа секторындағы Бейт-Лахияның солтүстігіндегі шекаралық сызықтағы әскери базалардың маңында орналасқан танктері осы қалашықтағы  бір тұрғын ауданға оқ жаудырды.

Сондай-ақ, атының аталмауын сұраған бір дереккөзі сәрсенбі күні кешке сионистік режим тікұшақтарының  Сирияның Канитара облысындағы әл-Бас қаласының солтүстігіндегі жұмысшылардың тұрғын ауданындағы бір ғимаратты зымыранмен атқанын хабарлады. Осы уақытқа дейін бұл шабуыл мен одан туындаған ықтималды шығындар жарияланған жоқ.

Мұндай шабуылдар көбінесе басып алынған Палестина жеріне минометтен оқ атылғанын сылтауратып, маңызды адамдарға террор жасау мақсатында  жасалады.

 

Тегтер