Қаз 30, 2017 09:07 Asia/Almaty
  • Ливан Хизболласы  сионистік режимге ескерту жасады

Ливан Хизболласы басып алынған Палестина жерлеріндегі өзінің құзыры туралы суретті жариялап, сионистік режимге қарсыласу қозғалысына қарсы кез келген әрекетіне ескерту жасады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ливан Хизболласына қарасты әскери ақпатар құралдары сионистік қалашықтардың жерден және әуеден түсірген суреттерін жариялап, сионистік режимге өзінің барлау мүмкіндігін паш етті.

Бұл суреттер Ливан шекарасына жақын жердегі сионистік қалашықтардың бірінің ішінен алынған. Қалашықтардың шекарадан қашық орналасуына байланысты суреттердің жариялануы сионистік режимге маңызды жолдауларды жеткізеді.

Ливан Хизболласы сондай-ақ сионистік қалашықтардан әуеден жасалған бірнеше суретті жариялады. Шекаралардағы әскери орталықтарын аралап жүрген Израильдің әскери және қауіпсіздік саласы басшыларының суреттері Хизболланың өз әлеуеттерін жарнамалаған келесі суреттері болды. Қарсыласу қозғалысының ақпарат құралдарының әрекеті сионистік режимнің қарсыласу қозғалысы мүшелерін бақылауға алғаны туралы соңғы уәждеріне көрсеткен реакция болды.  

 

  

 

Тегтер