Maм 12, 2020 20:19 Asia/Almaty
  • АҚШ әскерилерін шығару – Ирактың жаңа үкіметінің басты мәселесі

Ирак Парламентінің қаупсіздік және қорғаныс комиссиясының мүшесі АҚШ әскерилерін шығаруды елдің жаңа үкіметінің басты мәселесі атады.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ирак Парламентінің қаупсіздік және қорғаныс комиссиясының мүшесі Казем әр-Рекаби сейсенбі күні: «Парламенттің шетелдік күштерді Ирактан шығару шешімін іске асыру елдің Премьер-министрі Мостафа әл-Каземи үкіметінің басты бағдарламаларының қатарында тұр. Әл-Каземи бөгде күштерді Ирактан шығару уақытын белгілеп, оның егжей-тегжейін хабарлайды»,- деді.

Ирак Парламенті өткен қаңтарда АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Қасем Солеймани мен Хашд әш-Шааби күштері қолбасшысының орынбасары Абумәһди әл-Мәһдиді Бағдадта өлтіргеннен кейін америкалық әскерилерді Ирактан шығару жобасын бекітті.

 

 

Тегтер