Maм 14, 2021 17:52 Asia/Almaty
  • Израильдің 160 қырғи ұшағы Газа секторын бомбалады

Сионистік режимнің армиясы: «Жұма күні таңертең 160 қырғи ұшақ Газа секторының көптеген нысанын бомбалады»,-деді.

Сионистік режимнің армиясы: «160 қырғи ұшақ 40 минутта Газа секторының солтүстігіндегі 150 нысанаға 450-ге жуық зымыран атты»,-деді.

Сионистік режим армиясының баспасөз өкілі өткен түнгі амалдарды соңғы бірнеше күнде Газа секторына жасалған ең ірі шабуыл деп атап: «Қырғы ұшақтармен басқыншылық жасаумен қоса, сионистік режимнің танктері мен артиллериясы өткен түнде Газа секторының жазықсыз халқына үдеме шабуыл жасады»,-деді.

Сионистік режим армиясының баспасөз өкілі құрлық күштерінің әлі күнге дейін Газа секторына әскери амалдарын бастамағанын, әзірге шекаралық ауданда орналастырылғанын айтып: «Палестиналықтарды бір сағатта 500 зеңбірек мен 50 танк оғымен нысанаға алды»,-деді.  

Тегтер