Қаз 16, 2021 21:22 Asia/Almaty

Ливан армиясы Бейруттағы атысқа қатысы бар деген күдікпен 19 адамды тұтқындады.

Сенбі күні Al-Manar телеарнасының хабарлауынша, Ливан қауіпсіздік көздері ұсталғандардың 17-сі Ливан азаматтары екенін, оның ішінде Джордж Тома есімді ер адам бар екенін мәлімдеді. Дереккөздер бейнекамераларды пайдаланып басқа адамдарды табу   және оларды тергеудін жалғасып жатқанын хабарлады. Бейсенбі күні таңертең бірқатар ливандықтар Бейруттағы Әділет сарайының алдында Бейрут портындағы жарылыс ісінің тергеушісі Тарик Битардың әрекетіне наразылық білдіріп, шеруге шықты. Кенет оларға қарай қарулы адамдар тарапынан оқ атылды. Атыс салдарынан жеті адам қаза тауып, 60-тан астам адам жараланды.

 

Тегтер