Ақп 10, 2024 21:08 Asia/Almaty
  • Сейед Хасан Насралла: Қарсыласу аймақ теңгерімінің маңызды элементі болып табылады және Палестина ұлтының жеңісі мен қарсыласуының анық екендігінде күмән жоқ

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Бейрутте Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінде: «Сионистік дұшпан стратегиялық дағдарыста және осы саладағы мақсатының ешқайсысына қол жеткізген жоқ",- деді.

.

 

Хұсейн Амирабдуллахиан: "Кез келген саяси бастамада Палестина халқының рөлі мен Палестина басшылары мен топтарының келісімі негізгі ось ретінде қарастырылуы керек. Палестиналық жетекшілер мен топтар негізгі ось ретінде қарастырылуы керек",- деді.

ИИР Сыртқы істер министрі сондай-ақ Палестина Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд әл-Нахле, ХАМАС қозғалысының ресми өкілдерінен Осаме Хамдан және Палестинаны азат ету халықтық майданы Бас хатшының орынбасары Джамиль Мажермен  кездесіп, сөйлесті.

Амирабдуллахиан Ливан премьер-министрі Наджиб Микатимен кездесуінде Газадағы оқиғалардың саяси шешімге қарай жүріп жатқанын, бірақ Нетаньяху өзін құтқару үшін шешімді әлі де соғыста көретінін айтты.

Наджиб Микати: "Газадағы соғысты аяқтаумен қатар, аймақтағы соғыс ауқымын кеңейту қаупін жоюға күш салу керек",- деді.

Бейрут сыртқы істер министрінің аймақтық сапарының алғашқы аялдамасы.

 

Тегтер