Израиль Газада 600-ден астам спортшыны өлтірді
(last modified Mon, 23 Dec 2024 11:54:38 GMT )
Жел 23, 2024 17:54 Asia/Almaty
  • Израиль Газада 600-ден астам спортшыны өлтірді

ParsToday - Палестина футбол федерациясы сионистік режимнің 2023 жылдың 7 қазанында Газа секторына жасаған шабуылдары басталғаннан бері 644 палестиналық спортшының шәһид болғанын хабарлады.

Палестина футбол федерациясы Газа секторындағы палестиналық спортшылардың шәһид болғандардың санын соғыс қылмыстары мен қорғансыз Палестина халқының геноцидінің көрсеткіші деп атады. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестина футбол федерациясы сионистік режимнің Газа секторына жасаған шабуылдары басталғалы (2023 жылдың 7 қазаны) қарсыласу рухын жою деп есептеліп, 644 палестиналық спортшының шәһид болғанына тоқталып: «Сионистік режимнің қылмыстары халықаралық заңдарды ашық бұзу ғана емес, сонымен бірге Палестина халқының қарсыласу рухы мен өмірін жоюға бағытталған ашық әрекет болып табылады»,- деп мәлімдеді.

Палестина футбол федерациясы мәлімдемесінде әлем мен халықаралық ұйымдарды сионистік режимнің қылмыстарын тоқтатуға талпыныс жасап, үміт пен тұрақтылықтың символы болған палестиналық спортшыларға қолдау көрсетуге шақырды.

Бұдан бұрын Палестина автономиясының БАҚ кеңсесі мәлімдеме жасап, «журналистер, дәрігерлер, спортшылар мен палестиналық танымал саяси қайраткерлерді нысанаға алу - Израиль басқыншыларының қатыгез әрекеті және жоспарлы қылмысы» деп: «Бұл қылмыстар үшін толық жауапкершілік Израильдің оккупация режиміне, АҚШ үкіметіне және оны қолдаушы Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты елдерге жүктеледі»,- деп жариялады.

Израиль режимі 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында қорғансыз және қысым көрген Палестина халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарында 45 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 107 мыңнан астамы жараланған.

Израиль режимі 1917 жылы британдық отаршылдық жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне қоныс аударуы арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды.