Қар 02, 2021 01:23 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі аймақтағы қарсыласу топтарына қарсы пікір білдірді

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Al-Arabiya телеарнасына берген сұхбатында: «Эр-Риядтың Ливанмен қиындығы осы ел Ақпарат министрінің сөздерінен әлдеқайда жоғары. Сауд Арабиясы Ливан мен аймақта Иран одақтастарының билікті қолға алуына қарсы»,-деді.

Соңғы күндері Ливан Ақпарат министрі Джордж Кардахидің Йеменге қарсы соғысты сынап, оны пайдасыз соғыс деп атап, Ансаролланың өзін қорғауға құқығы барын айтқаны Сауд Арабиясы үшін шынайы түйткілге айналып, бұл ел өз елшісін Бейруттен шақыртып алды. Ливанның Ақпарат министрі лауазымына тағайындалуынан бір ай бұрын айтылған Кардахидің осы сыни сөздері Сауд Арабиясының  басты қиындығы емес екені басында-ақ белгілі болған.  

Фейсал бен Фарханның Al-Arabiya телеарнасына берген сұхбатында айтқан сөздері Сауд Арабиясының  Батыс Азия аймағындағы өзгерістерге, құдірет теңгерімінің ИИР бастаған қарсыласу өзегіне қарай өзгергеніне наразы екенін көрсетеді.

Сауд әулеті Ливан Хизбулласын Иранның Батыс Азия аймағындағы ең маңызды одақтасы санайды, сондықтан Джордж Кардахидің сөздерін сылтауратып Хизбулланы тағы қысымға алуға тырысып жатыр.

Фейсал бен Фархан осы жайлы: «Ливан қоғамдық реформаны қажет етеді. Өйткені Хизбулла Ливанның басты шешімдеріне араласады»,-деп тура айтты.

Ол: «Хизбулланың Ливандағы саяси жүйеге үстемдік етуі бізді алаңдатады. Бұл Сауд Арабиясы үшін Ливанмен әрекеттестікті пайдасыз етеді»,-деді.

Сауд Арабиясы өткен онжылдықта түрлі тәсілдермен алдымен қарсыласу өзегін әлсіретуге тырысты. Оған шамасы келмеген кезде қарсыласу өзегінің нығаюына кедергі жасап, аймақтық құдірет теңгерімін өзгертуді көздеді, бірақ бұл мақсатқа да жете алмады.

Сауд әулетінің мұнайдан түсетін долларлары Батыс елдері, әсіресе АҚШ-тың қалтасына кетті. Алайда Эр-Риядтың аймақтағы позициясы әлсіреді. Сауд үкіметі бұл жеңіліске Иранның қарсыласу өзегін басқаруы және қарсыласу топтарының ИИР-ге адалдығы себеп болып отыр деп санайды.

Тегтер