Америкалық студенттердің Палестинаға деген наразылықтарын қолдау туралы 6 нүкте
(last modified Tue, 30 Apr 2024 12:44:56 GMT )
Сәу 30, 2024 18:44 Asia/Almaty
  • Америкалық студенттердің Палестинаға деген наразылықтарын қолдау  туралы 6 нүкте

Бұл күндері Америка университеттері Израильдің Газа секторындағы геноцидіне қарсы студенттердің наразылық шеруінің сахнасына айналды. Американдық студенттер бұл наразылық акцияларын тоқтата тұру, қамауға алу және жұмыс мүмкіндіктерінен айырылу сияқты қорқытуларға қарамастан бастады.

Америкадағы Палестинаны қолдауға арналған студенттер митингілері Нью-Йорк штатындағы Колумбия университетінде басталды және қазір ол Американың басқа 32 ірі және маңызды университеттеріне таралды.

Америка университеттерінің сионистік жақтастарымен қаржылық және рухани қарым-қатынасын тоқтатқысы келетін америкалық студенттер бұл наразылықтармен тарихтың оң жағында тұрғандарын жариялады.

Олар өздерін және осы наразылық қозғалыстарын мақтан тұтатынын айтады. Бұл американдық университеттермен ғана шектелмейтін және бүкіл әлем мақтан тұтатын мәртебе.

Университеттік жиындарда, әсіресе Колумбия университетінде айта кететін маңызды мәселе – бұл университет студенттері Американың орта тап өкілдері емес. Бұл студенттер көбінесе американдық сенаторлардың, байлардың және американдық жоғары қоғамның балалары. Олар  "жанұялары Америкадағы күшті сионистік лоббилермен байланысқан және олар американдық саясатта қалуға қолдау көрсетеді" деп айта алатындар.

Америкалық сенаторлар сионистерге қарсы наразылық білдірген студенттерді Израильге қарсы топ деп атады және олар Америка үкіметінің олармен күресіп, университеттерге бейбітшілік пен тәртіпті тезірек қайтарғанын қалайды. Наразылық білдірген студенттерді сабақтан шеттетеміз немесе қамауға аламыз деп қорқытады. Басқа жағынан, бай еврей бизнесмендері Палестинаны қолдайтын шерушілер басылмаса, университетті қаржыландыруды қысқартамыз деп қорқытты.

Америкалық студенттер не дейді?

Сионистік режимнің қылмысы мен Американың оны қолдауына байланысты наразылық білдірген студенттердің талаптары әр университетте әртүрлі.

Америкалық студенттер АҚШ үкіметінің Израильге қолдау көрсетуіне наразылық білдірді

 

Студенттердің ең маңызды және негізгі талаптарын төмендегідей қорытындылауға болады:

Сионистерді қару-жарақпен қамтамасыз ететін әскери қару өндірушілермен сауда жасауды тоқтатыңдар.

Режимнің әскери күш-жігеріне көмектесетін жобалар үшін сионистік зерттеу ақшасын қабылдауды тоқтатыңдар.

Сионистік компаниялардан немесе мердігерлерден пайда табатын менеджерлермен бірге университеттік қорларға инвестиция салудан аулақ болыңдар.

Сионистерден қандай ақша алынғаны және оның не үшін пайдаланылатыны туралы көбірек ашық болыңдар.

Төменде Палестина жақтастарының Америка университеттеріндегі шерулері туралы 6 мәселе талқыланды:

 

1Жас американдық арасында  хабардарлықты арттыру

Жас американдықтар егде американдықтарға қарағанда жаһандық дағдарыстар мен мәселелер туралы көбірек біледі. Z буын студенттері Black Lives Matter, климаттың өзгеруі және қару қауіпсіздігі науқандары сияқты ұжымдық әрекет дәуірінде өскен. Енді олар Палестина азаттығын қолдау үшін кең коалициялар құруда, бұл американдық мемлекет қайраткерлері үшін сынаққа айналды, осылайша олар жаңа заңдар қабылдау және студенттерді басып, тұтқындау арқылы оның жалғасуы мен кеңеюіне жол бермеуге тырысады.

Палестинаны қолдау үшін Америка университеттеріндегі студенттердің отыруы
 

 

2. Басып-жаншу

Сионистер ондаған жылдар бойы палестиналықтарды еш себепсіз қырып жатыр. Бірақ Газа соғысы сионистердің бұрын-соңды болмаған қатыгездігін көрсетті. Азық-түлік көмегін күту кезінде сионистердің атыстарынан шейіт болған сәбилердің, жылап жатқан аналар мен аш адамдардың күйген денелерінің суреттері дүние жүзіндегі адамдардың реакциясын тудырды.

Израильдің Газа секторындағы қылмыстарына наразылық білдірген америкалық студенттерді ұстау

Заңгерлер мен құқық қорғаушылар «геноцид» деп атаған соғысты тоқтату туралы айғайлар Америка университеттерінің студенттерін сионистерге қарсы жұмылдырды, бірақ университеттердің әкімшілері қазір студенттерді қатаң шара қолдануда. Олар полициядан студенттерді қамауға алуды сұрап,  ондаған студенттері оқудан шеттетілді.

3Ұстаздар студенттерге қосылуда

Студенттерді оқудан шеттету туралы шешім кері нәтиже берген сияқты, АҚШ университетінің жүздеген ұстаздар «Біз студенттерді оқудан шеттетпейміз» деген баннерлермен  шеруге шықты. Өткен аптада Американдық университет профессорларының қауымдастығы студенттердің оқудан шеттетілуі мен қамауға алынуын айыптаған мәлімдеме жасады. Бұл мәлімдеме  "Біз президент пен үкіметке деген сенімімізді жоғалттық және университетті қайтарып алуға уәде береміз",- деп айтылды.

 4. Саясаткерлер сионистердің жағында

АҚШ президенті Джо Байден және басқа да америкалық ресми тұлғалар сионистерді қолдайды. Палестиналықтарға қарсы сионистердің аяусыз соғысын тоқтату үшін ешқандай шара қолданбағаны үшін сынға ұшыраған Байден мәлімдеме жасап, антисемитизмнің күшеюі туралы ескертті.

Газада қоршауда қалған 2,3 миллион палестиналықтарды қолдап, наразылық білдірген студенттердің алаңдаушылығын елемей, Ақ үй университет тердегі антисемитизмді жариялады.

Америка үкіметі мен әскері Израильмен және американдық студенттерге қарсы

Сонымен бірге, Өкілдер палатасының көбісі мұсылмандар, соның ішінде Мичиганнан  Рашида Тлаиб және Миннесотадан Илхан Омар сияқты бірнеше депутат наразылық білдірген студенттерге қолданылатын жазаларды сынады. Ильхан Омардың қызы Эсра Хирси осы наразылықтар кезінде университеттен шеттетілген студенттердің бірі.

5. Сионистік лобби жалғасуда

Палестинаны қолдайтын жүздеген шерушілер сот шаралары мен биліктің қоқан-лоққыларына тап болған жағдайда, сионистік режимді жақтайтын бірнеше шерушілердің университет қалашықтарына  барып, «Израиль үшін жеңіс» деп  ұрандағаны хабарланады. Бұл топ сонымен қатар сионистік армияның бөлімшесі Кафир бригадасының туын алып жүрді. Израильді қолдайтын Shirion Collective ұйымы оғаш қадам жасап, американдық кампустардағы студенттердің наразылық  шерулеріне кифах киюге дайын адамдарға ақша ұсынды.

Желіде жарияланған хабарламада олар наразылық білдіруші студенттер арасында ықпалын күшейту және сол арқылы наразылық шерулеріне жасанды белгілер жапсыру үшін араб есімдері мен Таяу Шығыстық келбеті бар адамдарды арнайы іздейтіндерін айтты.

6. Жоғары оқу орындарының талаптары

Америка билігі наразылық білдірген студенттерді нақты мақсаттары жоқ ашулы жастар тобы ретінде көрсетуге тырысып жатқанымен, американдық университеттердегі наразылық білдірушілер өз шарттарын түсінікті түрде білдірді.

Студенттер Израильдің әскери қылмыстарына қатысы бар деп санайтын университет басшыларынан жауапкершілікті талап етуде. Өйткені бұл басшылар соғысты қолдайтын компанияларға университеттік инвестиция салуды тоқтатқан жоқ. Американың бірнеше университеттерінің зейнетақы қорлары да өз ақшаларын БҰҰ мәліметі бойынша Газа соғысына қатысы бар сионистік компанияларға салған.

Студенттер сонымен қатар университеттерінің басып алынған жерлердегі сионистік мекемелермен жасаған келісімдерін жоюды қалайды.