Нау 13, 2022 20:42 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының мәлімдемесі: Сионистердің стратегиялық орталығы Сақшылар корпусы зымырандарының нысанасына алынды

Ислам революциясы Сақшылар корпусының баспасөз қызметі өз мәлімдемесінде сионистердің қастандық пен қаскөйлік жасайтын стратегиялық орталығының Сақшылар корпусы зымырандарының нысанасына алынғанын айтып: "Қандай да бір қаскөйлік қайталанса, ауыр, кесімді әрі жойқын жауаптар беріледі",-деді.

Sepah News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің соңғы әрекеті және сионистердің стратегиялық орталығы нысанаға алынғаннан кейін Сақшылар корпусының баспасөз қызметі өз мәлімдемесінде: "Сионистердің жалған режимінің соңғы қылмыстарынан кейін мұның жауапсыз қалмайтыны мәлімденген болатын. Сол себеті сионистердің қастандық пен қаскөйлік жасайтын стратегиялық орталығына Сақшылар корпусының дәлдігі жоғары мықты зымырандарымен шабуыл жасалды",-деп мәлімдеді.

Бұл мәлімдемеде Иран халқына: "Исламдық Иранның қауіпсіздігі мен тыныштығы – ел Қарулы күштерінің қызыл сызығы. Ешкімге біздің елге қоқан-лоққы жасап, қол сұғуға жол бермейміз",-делінген.

Тегтер