Маусым 01, 2022 16:22 Asia/Almaty

Сионистік әскерилер Иордан өзенінің оңтүстік-батысында шәһидтік әрекетті іске асырмақ болды деген сылтаумен палестиналық қызды өлтірді.

 

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, палестиналық ақпарат көздері бүгін, сәрсенбі таңертең әл-Аруб лагері (әл-Халильдің солтүстігі) маңында сионистік әскерилердің палестиналық  қызды атып өлтіргенін хабарлады. Палестина ақпарат көздерінің хабарлауынша, сионистік әскерилер қызды шәһидтік әрекетті іске асырмақ болды деген сылтаумен атып тастаған. Палестина Қызыл Жарты ай ұйымы Израиль күштерінің атыс болған жерге медицина қызметкерлерінің жетуіне кедергі жасағанын, сондықтан палестиналық қыздың ауруханаға 20 минут кешігіп жеткізілгенін хабарлады. Палестиналық әскери тұтқындар кеңсесі   қыздың аты Ғафран Варасне және оның Израиль түрмелерінен босатылған тұтқындардың бірі екенін мәлімдеді.

Тегтер