Нау 13, 2024 20:11 Asia/Almaty
  • Газа секторында шәһид болған балалардың саны соңғы төрт жылда әлемдегі соғыстарда қаза тапқан балалардың санынан асып түсті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің (UNRWA) бас комиссары: "Сионистік режимнің Газа секторына жасаған шабуылында осы уақытқа дейін 12 300 бала шәһид болды. Соңғы төрт жылда дүние жүзінде болған барлық соғыстарда 12 193 бала қаза тапты",- деп жариялады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) те: "Сионистік режимнің Газа секторына жасаған агрессиясында ең көп қаза тапқандар – балалар",- деп мәлімдеді.

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі тағы ондаған баланың аштықтан қайтыс болғанын, бірақ олар ауруханада болмағандықтан, олар туралы статистика жоқ екенін хабарлады.

 

Тегтер