Қыр 12, 2022 19:06 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирактың Денсаулық сақтау министрлері Арбағин зияратшыларына медициналық қызмет көрсету жағдайы туралы кеңесті

Иран мен Ирактың Денсаулық сақтау министрлері имам Хұсейннің (ғ.) қырқы – Арбағин зияратшыларына медициналық қызмет көрсету туралы кеңесті.

Иран Денсаулық сақтау министрі Айналлаһи Ирактың Денсаулық сақтау министрі Хани әл-Ағабимен телефон арқылы сұхбатта Ирак үкіметі мен халқына Арбағин зияратшыларына көрсетіп жатқан қонақжайлылығы үшін алғыс айтып: "Арбағин зияратшыларының денсаулығы Иран үшін өте маңызды. Иранның медицина қызметкерлері бар күш-қуатымен зияратшыларға қызмет етіп жатыр",-деді.

Иран Денсаулық сақтау министрі, сондай-ақ, Ирактың солтүстігіндегі бір жанармай бекетінде бір автобус жарылып, бірқатар зияратшының, соның ішінде бірнеше ирандық зияратшының қаза тауып, жараланғанына өкініш білдіріп, Ирактың жедел жәрдем күштерінің осы оқиғада жарақат алғандарға жылдам медициналық көмек көрсетуде ирандық дәрігерлермен әріптесіп жатқанын маңызды әрі қажетті іс деп атады. 

Тегтер