Ақп 17, 2023 19:48 Asia/Almaty
  • Насролла: Ирандағы миллиондық шеру осы ел үкіметі құлайды дегендерге мықты жауап болды

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Ирандағы миллиондық шеру осы ел үкіметі құлайды дегендерге мықты жауап болды",-деді.

Сейіт Хасан Насролла бейсенбі күні қарсыласу қозғалысының шәһидтері Аббас әл-Мусави мен Эмад Мағниені еске алу рәсімінде Иран Ислам революциясы жеңісінің жылдығымен құттықтап: "Әлемнің ақпарат құралдары Ирандағы миллиондық шеруді көрсетпеді. Ал егер бір жерде ондаған адам наразылық акциясын өткізсе, оны жылдам тарататын еді",-деді.  

Ливан Хизбулласының бас хатшысы Ислам республикасы құлайды деп ойлаған кез келген адамның есебі қате болғанын айтып: "Иран халқы осы шеру арқылы өз жолын жалғастыра беретінін көрсетті. Ислам революциясы үшін шеруге шығу Иран үкіметі құлайды деген адамдарға мықты жауап болды",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы Түркия мен Сирия үкіметтері мен халықтарына зілзала құрбандарына байланысты көңіл айтып, мұны ірі апат әрі адамзат үшін үлкен сынақ деп атап: "Халықаралық қауымдастық Түркия мен Сирияға қатысты кемсітушілік қатынас көрсетіп отыр. Қалыпты өмірге қайта оралуы үшін осы екі елге көмектесуді сұраймыз",-деді.

 

Тегтер