Сәу 23, 2023 19:16 Asia/Almaty
  • Раиси Иран мен Ирактың екіжақты ынтымақтастығын арттыру керегін айтты

Ибрахим Раиси Иран мен Ирак арасындағы екіжақты келісімдерді орындап, Теһран мен Бағдад арасындағы ынтымақтастықты кеңейту керегін айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирак Премьер-министрі Мұхаммед әс-Судани осы телефон арқылы сұхбатта Иран Президенті мен халқын Ораза айтпен құттықтады.

Иран Президенті осы телефон арқылы сұхбатта Ирак үкіметі мен халқын Ораза айтпен құттықтап: "Теһран-Бағдад келісімдерін толық орындау екі елдің қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді",-деді.

Мұхаммед әс-Судани екі елдің әлеуеттері, екі халықтың тарихи-мәдени ортақтықтарын ескере отырып, өзара қатынасты одан ары кеңейтуге талпыну керегін айтты.

Тегтер