Maм 29, 2023 20:10 Asia/Almaty
  • Раиси Режеп Тайып Ердоғанды жеңіспен құттықтады

Иран Президенті Ибрахим Раиси Режеп Тайып Ердоғанға құттықтау хат жолдап, оны Түркияда өткен президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтап, мұны Түркия халқының оған деген сенімінің сақталғанының белгісі деп атады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси Режеп Тайып Ердоғанды жеңіспен құттықтап, келесі кезеңде де ИИР мен Түркия арасындағы достық қарым-қатынас тарихи, мәдени, діни мықты негізде және тату көршілестік, өзара құрмет пен ортақ мүдделерді сақтау принциптері аясында одан ары нығая түсіп, екі елдің тығыз әріптестігі Батыс Азия аймағы мен ислам әлеміндегі өзгерістерді ескере отырып, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қолайлырақ жағдай жасайды деп үміт білдірді.

Тегтер