Maм 29, 2023 23:15 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Дамасктың айналасына шабуыл жасады

Сирияның бір әскери тұлғасы: "Сионистік режимнің Дамасктың айналасына жасаған шабуылында адами шығын болған жоқ",-деп хабарлады.

SANA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирияның бір әскери тұлғасы: "Жексенбі кешкі сағат 23:45-те Израиль басып алынған Голан жоталарынан Дамасктың айналасындағы бірнеше нысанаға зымыран атты. Сирия армиясының әуе-қорғаныс кешені шабуылдаушы зымырандарға төтеп беріп, олардың көбін жойып жіберді",-деді.

Аты аталмаған осы әскери тұлға: "Әрине бұл шабуылдың адами шығыны болған жоқ. Тек материалдық шығын келтірді",-деді.  

Бұл – Сирияның Араб лигасына мүшелігі қайта күшіне енгелі бері сионистік режимнің жасаған алғашқы шабуылы.

Тегтер