Маусым 26, 2023 19:06 Asia/Almaty

Сирия армиясы Ресей Әскери-әуе күштерімен бірлесе отырып, лаңкестердің қару-жарағы мен оқ-дәрілері бар базалар мен қоймаларды және Идлибтің шетіндегі ұшқышсыз ұшақтарды ұшыру платформасының орындарын жойып, ондаған лаңкесті өлтіріп, бірқатарын жаралады.

SANA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирия Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап: "Бірнеше сириялық бейбіт тұрғындардың өліміне әкелген Тахрир әш-Шам лаңкестік топтарының соңғы бірнеше күнде Хама мен Латакия аймақтарына жасаған  шабуылдарына жауап ретінде Сирия армиясының күштері Ресей әуе күштерімен бірлесе отырып, бірнеше арнайы операция жүргізіп, лаңкестердің қару-жарақ пен оқ-дәрі және ұшқышсыз ұшақтары бар базалар мен қоймаларды бомбалады. Бұл бірлескен әуе шабуылында ресейлік жауынгерлер Тахрир аш-Шам лаңкестері мен әл-Хизб әл-Ислами ат-Түркістан лаңкестерінің Идлиб, Латакия және Алепподағы штабтарын бірнеше рет бомбалады",- деп хабарлады,

 

Тегтер