Шіл 29, 2023 17:09 Asia/Almaty
  • Сейіт Хасан Насролла: Швеция мен Дания біздің өз қасиетті құндылықтарымызды қорлатып қойып қарап отырмайтынымызды білсін

Ливан Хизбулласының бас хатшысы Ашура күніне арналған сөзінде имам Хұсейннің (ғ.) шәһид болған күніне байланысты көңіл айтумен қоса: "Швеция, Дания үкіметтері мен бүкіл әлем біздің өз қасиетті құндылықтарымызды қорлатып қойып қарап отырмайтынымызды білуі тиіс",-деп баса айтты.

Сейіт Хасан Насролла: "Швеция, Дания үкіметтері мен бүкіл әлем біздің өз қасиетті құндылықтарымызды, символдарымызды, пайғамбарымыз бен Құран кітабын қорлатып қойып қарап отырмайтын үмбет екенімізді білуі тиіс. Әлемде символдарына қорлық көрсетілгенін маңызды емес санап, оларды қорғауға еш шара қолданбайтын үмбеттер бар шығар. Бірақ миллиардтаған мұсылман үмбеті ондай емес",-деді.  

 

Тегтер